Қазақстан Республикасының Инвестициялық құқығы презентация в формате PowerPoint - скачать бесплатно

Скачать презентацию на тему: "Қазақстан Республикасының Инвестициялық құқығы" с количеством слайдов в размере 38 страниц. У нас вы найдете презентацию на любую тему и для каждого класса школьной программы. Мы уверены, что наши слайды помогут найти вам свою аудиторию. Весь материал предоставлен бесплатно, в знак благодарности мы просим Вас поделиться ссылками в социальных сетях и по возможности добавьте наш сайт MirPpt.ru в закладки.

Содержание [Показать]

Нажмите для просмотра
Қазақстан Республикасының Инвестициялық құқығы

1: Қазақстан Республикасының Инвестициялық құқығы Нұрмұхамбетов Серік Қайдарұлы Халықаралық экономикалық құқық саласындағы құқық магистрі

2: Курстың академиялық саясаты

3: Студенттердің білімдерін бақылау

4: Негізгі әдебиеттер:

5: Инвестициялар

6: Инвестициялық қорғау (кепілдіктер)

7: Инвестор

8: 1 Тапсырма Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде экономиканың нақты секторына инвестиция тарту мәселесі орталық болып табылады. Бұл туралы «Локомотив» зауытының жетекшілер жиналысында мәлім болды. Бірақ жағдайды бағалауға көптеген тәсілдер араласқан. Жеке тұлғалар әлемнің жетекші елдерінің (АҚШ, Қытай және Ресей) рөлін қалады. Кейбіреулер банктердің несие берудің кемшіліктерін атап өтті (жоғары ставкалар, кепілдік сұрау талаптары және төлем қабілеттілігін растау). Сұрақ: Сіздің пікіріңізше, инвестицияларды тартудың қандай проблемалары бар?

9: Мемлекеттің инвестициялық ахуалы

10: Қазақстанның инвестициялық ахуалына жарнама

11:

12: Сұрақ Қаржылық дағдарыстың іргелі тұрғыдан маңыздылығына ие болатын инвестициялар түсінігі Кәсіпкерлік кодексінде анықталып отыр. Алайда, Жаһандық дағдарыс жағдайында қаржы жұмсау бойынша семинарда қатысушылар инвестициялар түсінігін өз ойлары бойынша талдап, өздеріне сай болатың түсініктер берген болатын. Сіздің ойыңызша, осы семинар қатысушыларына «инвестициялар» деген ұғымды қалай түсіндіруге болады?

13: Инвестициялық құқықтың негіздері Инвестициялық құқық - кеңестік кезеңнен кейінгі құқық ілімі үшін жаңа пән. «Инвестиция» термині латынның investire – жұмылдыру сөзінен алынған. «Инвестиция» және «Инвестициялық қызмет» түсініктерінің өзі-ақ инвестициялау саласында шетелдік капиталистік елдер тәжірибесіне телініп қарастырылды. Инвестициялық құқық - әртүрлі салалық қатыстылықтың нормаларын біріктіретін құқықтық құрылым. Осыған байланысты инвестициялық құқық құқықтың кешенді саласы болып табылады, құқықтың негізгі салаларымен (азаматтық, кәсіпкерлік, қылмыстық, әкімшілік, еңбек, процессуалдық) бірдей қызмет атқарады.

14: Сұрақ Инвестициялық құқықтың Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру туралы практикалық сабақтарда студенттердің сөз сөйлеуінде мемлекет инвестицияларды жүзеге асыру үшін тек қана ұйымдастырушылық әдісін қолдана алатыны туралы айтылған болатын. Инвестициялық құқықтың қандай әдістері бар?

15: Инвестициялық құқықтың негіздері Инвестициялық құқық - тұтас құқықтық құрылым, оны құрайтын институттардың тұтастығымен ерекшеленеді, құқықтың әртүрлі салаларының нормаларын біріктіреді. Осыған байланысты, инвестициялық құқық құқықтың негізгі салаларымен бірге қызмет көрсететін кешенді саласы болып табылады, құқық жүйесінде өзіндік ерекше орны бар. Құқық нормасы - құқық жүйесінің бастапқы элементі, оның әртүрлі үйлесім табуы құқық жүйесінің басқа да элементтерін құқық институттары, салалары, қосалқы салаларын туғызады. Инвестициялық құқықты құқықтық реттеу әдісі - инвестициялық қатынастарға міндеттеуші немесе рұқсат етуші, міндеттеуші және тиым салушы нормалар негізіндегі ықпал етудің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. Алғашқысында диспозитивтік (рұқсат етушілік) реттеу болса, екіншісінде - императивтік реттеу орын алады. Құқықтың кезкелген басқа кешенді саласы ретінде инвестициялық құқық реттеудің диспозитивтік және императивтік әдістерін бірдей қолданады.

16: Инвестициялық құқықтың аралас салаларымен қарым-қатынасы Инвестициялық және кәсіпкерлік құқық өз дамуының әртүрлі деңгейінде тұрса да, - құқықтың кешенді салалары (инвестициялық құқық - анағұрлым жас сала, ал кәсіпкерлік құқық қалыптасқан әрі тұрақтанған сала). Инвестициялық және азаматтық құқық - инвестициялық құқық үшін азаматтық құқық - «аналық» сала, немесе инвестициялық-құқықтық нормалардың «негізгі тіркелген орны». Инвестициялық және әкімшілік құқық - бұлардың өзгешеліктері құқықтық реттеудің табиғи мәні мен әдісінен көрінеді. Императивтік әдістің көмегімен реттелетін инвестициялық қатынастар - инвестициялық жалпылама-құқықтық қатынастар; олардың атқарушы билік саласында (мемлекеттік басқару) пайда болған түрлері - әкімшілік қатынастарға жатады: мемлекеттік басқарудағы инвестициялық қатынастар және инвестициялық қызметтің мемлекеттік реттеудегі қатынастар, оның ішінде инвестицияларды лицензиялау, сертификаттау, мемлекеттік қолдау, инвесторлардың әкімшілік жауапкершіліг.

17: Инвестициялық құқықтың аралас салаларымен қарым-қатынасы Инвестициялық және халықаралық жалпылама құқық - инвестициялық және халықаралық құқықтың өзара іс-әрекеті халықаралық инвестициялық жалпылама құқықтың пайда болуына жеткізді. Халықаралық жалпылама құқық субъектілері арасында, шетел инвестициялары саласында ең алдымен мемлекеттер, халықаралық ұйымдар мен халықаралық жалпылама құқықтың басқа да субъектілерімен арасында туындайтын қатынастар жатады. Инвестициялық және халықаралық жекеменшік құқық - шетел инвестициялары жөніндегі халықаралық инвестициялық жеке меншік құқықтың субъектілері арасында қатынастар пайда болады. Олардың өзара іс-әрекеті нәтижесінде аралас құқықтық институт - халықаралық инвестициялық жеке меншік құқығы қалыптасады. Инвестициялық және қаржылық құқық - инвестициялық және қаржылық құқықтың ортақтығы мемлекет пен әртүрлі халықаралық қаржы ұйымдарының (МБРР, МФК, МАР, МАГИ, т. б. ) инвестициялық қызметке кеңінен қатысуымен сыпатталады. Мұнда мемлекеттік (бюджеттік) инвестицияларды жоспарлау мен жүзеге асыруда пайда болатын қатынастар инвестициялық қатынастардың өзіндік тобын құрайды. Инвестициялық және қаржылық құқық шеңберінде кейін мемлекеттік қарыз мемлекеттік (бюджеттік инвестициялаудың) аралас құқықтық институттар құрылды.

18: 2 Тапсырма «Шығыс ГОК» АҚ директорлар кеңесінің отырысында Шығыс кенішін қайта құру, цехтардың негізгі технологиялық жабдықтарын жаңарту, кендерді қайта өңдеу технологиясын жасау және енгізуге бағытталған жаңа инвестициялық бағдарлама қабылданды. Ол 15 млрд. теңге көлемдегі инвестициялар тартуды көздейді. Осы мақсатта 2017 жылы Әкімдіктің Индустрия басқармасы мен «Барыс» ЖШС арасында «Шығыс» ЖШС акцияларын сатып алу туралы шарт жасалды, оған қоса «Барыс» ЖШС жалпы сомасы 5 млрд. теңге сомамен АҚ көмек беруге уәде беріп, «Шығыс ГОК» АҚ инвестицияларды пайдалану тәртібі туралы келісім жасасты. Сұрақтар: 1. Инвестициялық құқықтық қатынастар қандай субъектілер арасында пайда болады? 2. Инвестиция дегеніміз не? 3. Инвестор кім? 4. Инвестициялық қызметтің объектісін атаңыз. 5. Ұсынылған келісімшарттардың қайсысы (акцияларды сату туралы шарт, инвестицияны пайдалану туралы келісім) инвестициялық сипатта болады?

19: Сұрақ Мемлекеттік деңгейде әр түрлі дәрежеде инвестициялық қызметті реттейтін инвестициялық құқықтын көптеген қайнар көздері бар. Пікірталас үстінде менеджерлер инвестициялық қызмет саласындағы әртүрлі проблемаларды талқылады. Дегенмен, қатысушылардың ешқайсысы осындай проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін инвестициялық құқықтың қайнар көздерінің біреуінде атамаған. Сіздің ойыңызша, қандай құжаттар инвестициялық құқықтың қайнар көздеріне жатады?

20: Инвестициялық құқық функциялары Құқық функциялары - оның құқық субъектілерінің қызмет әрекеттеріне ықпал етудің негізгі бағыттары. Инвестициялық құқық реттеушілік, қорғаушылық және тәрбиелік функцияларды атқарады. Инвестициялық құқықтың реттеушілік функциясы инвестициялық құқық инвестицияларды жүзеге асырудың тәртібі мен негіздерін анықтауына байланысты. Инвестициялық құқықтық қорғаушылық функциясының мәні мынада: инвестициялық құқық инвесторлардың, инвестициялық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен міндеттерін қорғайды және оларды қалпына келтіруге ықпал жасайды. Инвестициялық құқықтың тәрбиелік функциясының мәні мынадан көрініс алады: инвестициялық құқық азаматтарды заңды құрметтеуге тәрбиелейді, өйткені өркениетті елде заңға мойынұсынушылық - норма.

21: Инвестициялық құқықтың қалыптасу және даму кезеңдері Бірінші кезең - 1990-1994 жж. Инвестициялық құқық, тұтастай алғанда, оның негізгі институттары қалыптасу сатысында тұрды. Бұл кезең тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының қалыптасу жылдары, нарықтық қатынастардың еніп, даму кезеңі, жаңа құқық жүйесін жасау мен заңнаманы түбірінен өзгерту жылдары болды. Екінші кезең 1994 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары туралы Заңы мен ҚР Азаматтық Кодексін қабылдаудан басталады, бұл заң актылары инвестициялық қатынастарды дамытуға жеткізді. Экономикалық дағдарыс, инфляция, отандық товарлардың бәсекеге қабілетсіздігі, сыртқы қарыздың ұлғаюы - сол кезеңдегі инвестициялық саясаттың негізгі зардаптары осындай болды. Үшінші кезең 1997 жылы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заңы және одан кейін оны орындау үшін бірқатар Заңнамалық және нормативтік актылар қабылданды. Мемлекеттің бірыңғай инвестициялық саясатының маңыздылығымен және қажеттілігімен, инвестициялық қызметке тұғырнамалар жасауға деген ұмтылыспен, бағалы қағаздар нарығында, товар өндірісі мен қызметтер көрсету саласында, табиғатты пайдалану (оның ішінде жер қойнауын пайдалану) саласында, т. б. салалардағы кешенді қызметте инвестициялық шаралардың тұғырнамаларын жасап, жүзеге асырумен сыпатталады.

22: Инвестициялық құқықтың принциптері Құқықтың жалпықұқықтық принциптері мемлекеттің Негізгі заңы - Конституцияда көрініс алады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Конституциясында мынадай принциптер тұжырымдалған: демократия, халық билігі, Конституция мен заңдардың мәртебелілігі, идеологиялық және саяси көптектілік, меншіктің барлық нысандарының теңдігі, халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтеу, жеке бастың құқықтары мен бостандығын құрметтеу, тең құқылық, құқықтық әдеттілік. Инвестициялық құқықтың принциптері инвестициялық қатынастарды реттеу мен регламентациясын жүзеге асырудағы анағұрлым елеулі сәттер мен идеялардан көрініс алады. Инвестициялық құқықтың негізгі принциптерінің қатарына: Инвестициялық құқық субъектілерінің теңдігі принципі. Осы принцип инвесторлардың инвестициялық қызметті жүзеге асыруда құқықтарының теңдігінен көрінеді. Келісімшарт еркіндігінің принципі. Инвестициялық құқықта келісімшарт бірге басқа да өзіндік белгілерге иелік етеді, нарықтық қатынастар (оның ішінде инвестициялық қатынастар да) - бұл азаматтық-құқықтық (немесе жекеменшік-құқықтық) қатынастар ғана емес, жалпылама-құқықтық қатынастар.

23: Инвестициялық құқықтың принциптері Инвестордың инвестициялар объектілерін таңдау еркіндігі принципі. Инвестор инвестицияларын (қызметтің қолданылып жүрген заңнамамен тура тыйым салынған объектілері мен түрлерінен басқа) жүзеге асыру үшін қызметтің кезкелген объектісін немесе түрін таңдауға құқылы. Инвестордың өз қызметін дербес атқару принципі. Инвестордың инвестициялар объектілеріне иелік ету, пайдалану және жұмсау, сондай-ақ инвестициялық қызметтің нәтижелерін пайдалану құқы; инвестициялық қызметті жүргізуде қажетті кезкелген мүлікті шектеусіз алу (егер қолданылып жүрген заңға қайшы, келмесе); мемлекет, мемлекеттік органдар, немесе лауазымды тұлғалар тарапынан инвестордың ішкі шаруашылық қызметіне араласпау; инвестордың өз міндеттемелері бойынша дербес жауапкершілігі. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау принципі. Осы принцип мемлекеттің инвесторлардың инвестицияларын, кірістің (пайда), дивиденттерін, құқықтары мен мүдделерін қорғау лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) қорғау мемлекеттік органдардың инвесторлармен жұмысының жариялылығын қамтамасыз ету кепілдіктерінен көрінеді.

24: Инвестициялық құқықтың принциптері Инвестициялардың өзара тиімділігінің принципі. Инвестициялық қызмет инвесторға тек кіріс (пайда) әкеп қоймай, жаңа кәсіпорындар ұйымдастыруға, жаңа немесе қосымша жұмыс орындарын жасауға, тауарлар мен қызметтерді ұлғайтуға, олардың сапасын көтеруге жеткізуі керек. Инвестициялық қызметтің мемлекеттік реттеу принципін. Осы принциптің ерекшеліктері мен мәні мемлекеттік реттеуде, өйткені мемлекет инвестициялық қызметке ықпал жасай отырып, реттеудің тура (әкімшілік) және жанама (экономикалық) әдістерін пайдаланады. Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу принциптері Қазақстан Республикасының экономикасына жаңа инвестицияларды тарту принципімен бірге инвестициялық құқықтың жалпы салалық принциптеріне жатады, өйткені бұлар мемлекеттік инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Мемлекеттік инвестицияларды тура мемлекеттік басқару және отандық товар өндірушілерді көтермелеудің принциптері туралы да осыны айтуға болады.

25: 3 Тапсырма 2016 жылдың ақпанында «Тау-Интер» қазақстандық-итальяндық бірлескен компаниясының құрылтайшысы - «Интегра» итальяндық компания өзінің шетелдік валюта есебінен осы «Тау-Интер» компанияға жарна ретінде 15 миллион евро қаражатты құйды. Алайда, 2016 жылғы 19 сәуірдегі МАЭС шешімімен «Тау-Интер» қазақстандық-итальяндық бірлескен компаниясына 8 млн. тенге айыппұл салынды, өйткені валюталық операцияларды жүзеге асыру үшін Ұлттық Банкі лицензиясының болуы талап етіледі. Сұрақтар: 1. Инвестициялық қызметтін қандай объектiлерiне шетелдік инвесторлар инвестицияларын құюға құқылы? 2. Инвестиция дегеніміз не? 3. «Тау-Интер» қазақстандық-итальяндық бірлескен компания тиісті жауапкер ма? Бұл операция валюталық операцияларға қатысты ма? 4. Ұлттық Банк лицензиясын алу қажет па?

26: Инвестициялық құқықтың қалыптасу және даму кезеңдері Төртінші кезең 2003 жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңын қабылдаудан басталды. Ең алдымен, шетел және ұлттық инвестициялар үшін бірыңғай құқықтық тәртіп орнатылды. Сонымен бірге жаңа инвестициялық заң құқықтардың кешенді саласы ретінде инвестициялық құқықтың қалыптасу үрдісін аяқтады. Бесінші кезең – 2015 жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылданды.

27: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 274-бап. Инвестициялар, инвестор, ірі инвестор және инвестициялық қызмет ұғымдары 1. Лизинг шартын жасасқан кезден бастап қаржы лизингi нысанасын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) инвестициялар болып табылады. 2. Инвестор деп Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар түсініледі. 3. Жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу не кәсiпкерлiк қызмет үшiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi құру немесе ұлғайту жөнiндегi қызметi инвестициялық қызмет деп танылады. 4. Ірі инвестор деп Қазақстан Республикасында айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде екі миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға түсініледі.

28: Тапсырма «Бүркіт» АҚ басшылары кездесуінде кейбір түлғалар өндіріске шетелден инвестицияларды тарту мәселесін көтерген. Алайда, қатысушылар арасында келіспеушіліктер болды. Өйткені, шетел инвесторлар Қазақстан Республикасында тек қана жаңа коммерциялық ұйымды тіркеу арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыратыны туралы пікір айтылды. Сұрақ: АК шетелдік инвесторлардың көмегіне қол жеткізу үшін амалдар бар ма? Егер жоқ болса, неге?

29: «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы Бизнес-көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағында болу және олардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттары 1. Бизнес-көшіп келушілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының аумағында болуының міндетті шарты болып табылады. 2. Бизнес-көшіп келуші Қазақстан Республикасының аумағына келген күнінен бастап екі ай мерзім ішінде: 1) Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеуге немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асырушы коммерциялық ұйымдар қатысушыларының (акционерлерінің) құрамына енуге; 2) заңды тұлғаны тіркеу кезінде оның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен мөлшерден кем емес ақша сомасын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіне енгізуге міндетті. Бизнес-көшiп келушiлер осы бапта белгiленген мiндеттердi орындамаған жағдайда ішкі істер органдары жергілікті атқарушы органдардың қолдаухаты негізінде бизнес-көшіп келушілердің болу мерзімін олардың ерікті түрде кетуіне қажетті мерзімге қысқарту туралы шешім қабылдайды. Бизнес-көшіп келуші ретінде келуге виза алмаған шетелдіктердің заңды тұлға құруына, сондай-ақ заңды тұлға қатысушыларының құрамына кіру арқылы коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына тыйым салынады. 3. Бизнес-көшіп келушінің Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін жабдықтар әкелуі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады. 4. Бизнес-көшіп келушілер Қазақстан Республикасының шетелдіктердің баруына ашық аумақтары бойынша еркін жүріп-тұра алады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес тұрғылықты жерін таңдай алады.

30: Жаһандық деңгейде және мемлекеттердің жекелеген топтары бойынша ТШИ ағынының көрсеткіштері (млрд. АҚШ доллары)

31: 2005 – 2016 жылдары Қазақстан Республикасындағы ТШИ көлемі

32: Ұлттық инвестициялық стратегия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы 498 қаулысымен бекітілген "Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама Мақсаты: Қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және тиімділікті арттыруға бағытталған инвестицияларды тарту. Міндеттері: Бірінші бағыт. Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту: 1. Инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау 2. Инвесторлардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру 3. Сауда логистикасын жақсарту және шетелдік инвесторлар мен жергілікті компаниялар арасындағы өндіру-өткізу байланыстарын дамыту Екінші бағыт. Тиімді операциялық шараларды іске асыру және инвестицияларды тартудың жаңа тәсілдерін әзірлеу: 4. Инвесторларды тарту, сүйемелдеу және қолдау бойынша институционалдық тетіктерді жетілдіру 5. Инвестицияларды тартудың және ұстап қалудың алдын ала белсенді тәсілдерін қалыптастыру Үшінші бағыт. Жекешелендіру жоспары мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерінің шетелдік инвестицияларды тарту басымдықтарымен сәйкестігі: 6. Жекешелендіру процесіне шетелдік инвесторлардың қатысуын қамтамасыз ету. 7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына инвестицияларды тарту

33: «Астана» Халықаралық қаржы орталығы

34: «Астана» Халықаралық қаржы орталығы АХҚО-ның арнайы мәртебесі заң жүзінде Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен бекітілген. Осылайша АХҚО алаңында инвестицияларды тарту бойынша қолайлы жағдай жасау үшін бірқатар артықшылықтар қарастырылған: 1) ерекше құқықтық режим. АХҚО-да ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген, меншікті коммерциялық және азаматтық құқығы бар арнайы юрисдикция жұмыс істейтін болады. АХҚО қатысушыларының арасындағы дауларды шешетін негізгі институт АХҚО соты болады ол ағылшын құқығы юрисдикциясы бар елдерде практикалық тәжірибесі бар жоғары білікті судьялармен қамтамасыз етіледі. АХҚО-да дауларды шешудің баламалы тәсілін ұсынатын Халықаралық төрелік орталығы да жұмыс істейтін болады; 2) тәуелсіз реттеуші режим. АХҚО аумағында қаржы нарығының әділдігін, ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін тәуелсіз реттеуші қызмет етеді және әлемде танылған стандарттарға сай келетін нормативтік-құқықтық база әзірленеді; 3) арнайы салық режимі. АХҚО-да 2065 жылдың соңына дейін АХҚО қатысушыларын корпоративтік және жеке табыс салығын төлеуден босату түрінде салықтық жеңілдіктер көзделген; 4) қолайлы іскерлік ортаны құру. Озық халықаралық тәжірибеге ұқсас АХҚО бір терезе жүйесін, виза берудің, тіркеудің, жұмысқа рұқсат алудың және басқа да тіркеу рәсімдерінің оңайлатылған режимін енгізеді. Көші-қон және әкімшілік полиция, мемлекеттік кірістер органдарының, халыққа қызмет көрсету орталығының және инвесторлардың қызметтерін шоғырландыру арқылы АХҚО-ның шетелдік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің кіруі мен орналасуына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін мамандандырылған орталық – "АХҚО Экспат орталығын" құру жоспарланып отыр; 5) ресми тіл. АХҚО-ның аумағында ағылшын тілі ресми тіл болып табылады (АХҚО-ның актілері, құжаттама, сот ісі, мәмілелер, сондай-ақ АХҚО реттейтін барлық қоғамдық қатынастар саласында).

35: Нормативтік Құқықтық реттеу 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 2-бап 1. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. 2. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. 3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады. 3-1. Астана қаласының шегінде конституциялық заңға сәйкес қаржы саласында ерекше құқықтық режим белгіленуі мүмкін. 4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәні барабар. Ескертпе: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 10 наурыздағы 51-VІ ҚРЗ

36: Нормативтік Құқықтық реттеу 2. «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы 438-V ҚРЗ. «Астана» халықаралық қаржы орталығы – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Астана қаласының шегіндегі аумақ; Орталықтың қолданыстағы құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және мыналардан: 1) осы Конституциялық заңнан; 2) осы Конституциялық заңмен берілген өкілеттіктер шегінде Орталықтың органдары қабылдайтын, Англия және Уэльс құқығының қағидаттарына, нормалары мен прецеденттеріне және (немесе) әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделуі мүмкін Орталықтың осы Конституциялық заңға қайшы келмейтін актілерінен; 3) осы Конституциялық заңмен және Орталықтың актілерімен реттелмеген бөлігінде қолданылатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығынан тұрады. Орталықтың органдары Орталық қатысушыларының және (немесе) Орталық органдарының және (немесе) олардың жұмыскерлерінің арасында туындайтын: 1) азаматтық-құқықтық қатынастарды; 2) азаматтық-процестік қатынастарды; 3) қаржылық қатынастарды; 4) әкімшілік рәсімдерді реттейтін актілерді қабылдауға құқылы.

37: АХҚО органдары 1) Орталықты басқару жөніндегі кеңес; 1-1) Орталықты Басқарушы; 2) Орталықтың әкімшілігі; 3) Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті; 4) Орталықтың соты; 5) Халықаралық төрелік орталығы. Орталықтың соты қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуді жүзеге асырмайды және мыналарға: 1) Орталық қатысушыларының, Орталық органдарының және (немесе) олардың шетелдік жұмыскерлерінің арасында туындайтын дауларды қарау мен шешуге; 2) Орталықта жүзеге асырылған және Орталықтың құқығына бағынысты кез келген операцияға қатысты дауларды қарау мен шешуге; 3) тараптардың келісімі бойынша Орталықтың сотына берілген дауларды қарау мен шешуге қатысты айрықша юрисдикцияға ие болады. Халықаралық төрелік орталығы тараптар арасында төрелік келісім болған жағдайда дауларды қарайды.

38: «Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасын айқындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 161 Жарлығы

Скачать презентацию


MirPpt.ru