БҰҰ органдары презентация в формате PowerPoint - скачать бесплатно

Скачать презентацию на тему: "БҰҰ органдары" с количеством слайдов в размере 38 страниц. У нас вы найдете презентацию на любую тему и для каждого класса школьной программы. Мы уверены, что наши слайды помогут найти вам свою аудиторию. Весь материал предоставлен бесплатно, в знак благодарности мы просим Вас поделиться ссылками в социальных сетях и по возможности добавьте наш сайт MirPpt.ru в закладки.

Содержание [Показать]

Нажмите для просмотра
БҰҰ органдары

1: Тақырыбы: БҰҰ органдары Орындаған: Жанболат Анар Қабылдаған: Жайлау Жанат

2: Жоспар I. БҰҰ II. БҰҰ-ның Негізгі Органдары III. БҰҰ-ның Қосалқы Органдары IV. Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы

3: Біріккен Ұлттар Ұйымы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы. Бас кеңсесі — Нью-Йорктаорналасқан. БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф. Д. Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.

4: Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде орыс, ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр. Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде орыс, ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр.

5: Жарғысына сәйкес БҰҰ өз қызметінде келесі мақсаттарды көздейді: Бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау; Ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту; Халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау; Осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.

6: Біріккен Ұлттар Ұйымы келесі принциптерге сүйеніп әрекет етеді: оның барлық мүшелерінің егемендік теңдігі; олардың мойнына алған барлық халықаралық міндеттемелерді адал орындауы; олардың арасында туындайтын халықаралық дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу; басқа мемлекеттерге қарсы күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоқы көрсетпеу; олар Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес жүргізілетін барлық шараларға жанжақты көмек көрсетуі керек; Біріккен Ұлттар Ұйымы оған мүше емес барлық мемлекеттердің осы принциптерді ұстануын талап етеді, өйткені бұл халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет; Біріккен Ұлттар Ұйымына Жарғы ешқандай жағдайда мемлекеттердің ішкі ісіне жататын әрекеттерге араласуына құқық бермейді.

8: БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекемелері: Дүниежүзілік метеорология ұйымы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы Дүниежүзілік почта одағы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Халықаралық даму ассоциациясы Халықаралық қайта құру және даму банкі Халықаралық валюта ұйымы Халықаралық теңіз ұйымы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Халықаралық еңбек ұйымы Электр байланысы одағы Халықаралық қаржы корпорациясы Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры БҰҰ-ның білім беру,ғылым мен мәдениет жөніндегі ұйымы БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы БҰҰ азық түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы БҰҰ-ның айналадағы орта жөніндегі бардарламасы.

9: БҰҰ-ның Негізгі Органдары

11: Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы — БҰҰ-ның жоғарғы органдарының бірі. БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығы тең құқылы түрде Бас Ассамблеяны (БА) құрайды. Мүшелерінің әрқайсысы 1 дауыс қана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемлекеттердің ағылшын тіліндегі ресми атауына орай алфавиттік ретпен жайғасады. Бас Ассамблея жыл сайын (әдетте, қыркүйектің алғашқы сейсенбісінде) кезекті және арнайы сессияларын өткізеді. Арнайы сессияларды Қауіпсіздік Комитетінің, БҰҰ-на мүше елдердің көпшілігінің талап етуіне орай немесе БҰҰ-на мүше бір елдің (егер оны қалған мүшелердің кемінде жартысы қолдаса) талап етуі бойынша Бас Хатшы шақырады. Әр сессияда төраға (Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелердің төрағасы сессия төрағалығына сайлана алмайды) және оның 21 орынбасары сайланады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы — БҰҰ-ның жоғарғы органдарының бірі. БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығы тең құқылы түрде Бас Ассамблеяны (БА) құрайды. Мүшелерінің әрқайсысы 1 дауыс қана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемлекеттердің ағылшын тіліндегі ресми атауына орай алфавиттік ретпен жайғасады. Бас Ассамблея жыл сайын (әдетте, қыркүйектің алғашқы сейсенбісінде) кезекті және арнайы сессияларын өткізеді. Арнайы сессияларды Қауіпсіздік Комитетінің, БҰҰ-на мүше елдердің көпшілігінің талап етуіне орай немесе БҰҰ-на мүше бір елдің (егер оны қалған мүшелердің кемінде жартысы қолдаса) талап етуі бойынша Бас Хатшы шақырады. Әр сессияда төраға (Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелердің төрағасы сессия төрағалығына сайлана алмайды) және оның 21 орынбасары сайланады.

12: БҰҰ Бас Ассамблеясының келесі функциялары бар:

13: БҰҰ Бас Ассамблеясының Залы

14: Бас Ассамблея өз функцияларын орындау үшін комиеттер құрады. Олар мыналар: 1-комитет. Саяси мәселелермен және қарусыздануды қоса алғанда, қауіпсіздік мәселелерімен; Арнаулы саяси комитет. Бірінші комитетке қатысты саяси мәселелермен; 2-комитет. Экономикалық және қаржы мәселелерімен; 3-комитет. Әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени мәселелермен; 4-комитет. Қамқорлық және өзін-өзі басқара алмайтын террорларға жәрдемдесу мәселелерімен; 5-комитет. Әкімшілік және бюджет мәселелерімен; 6-комитет. Құқықтық мәселелерімен айналысады.

15: Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Қауіпсіздік Кеңесі – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін күреседі. Оның шығарған барлық шешімдеріне БҰҰ мүшелері бағынуы тиіс. Бес тұрықты мүшелері (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай) вето құқығына ие. Ал қалған 10 тұрақсыз мүшелерді БҰҰ уставының 23-бабына сәйкес сайланады. БҰҰ-ның негізгі саяси органдарының бірі. Кеңеске халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жауапкершілігі жүктелген. БҰҰ-на мүше 15 мемлекет өкілдерінен құралған. АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция кеңестің тұрақты мүшелері.

16: БҰҰ–ның Қауіпсіздік Кеңесінің отырыс залы

17: Қауіпсіздік Кеңесі мынадай кездесулер форматтарында жұмыс істейді: Қауіпсіздік Кеңесі мынадай кездесулер форматтарында жұмыс істейді:

18: Экономикалық және әлеуметтік кеңес Мәдениет, білім, денсаулық сақтау, экономика, әлеумет мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіп, баяндамалар әзірлейді және Бас Ассамблеяға, Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелеріне, ұйымның арнайы мамандандырылған мекемелеріне білім, мәдениет, экономика т. б. мәселелер бойынша ұсыныстар жасайды. Экономикалық және әлеуметтік кеңесі Бас Ассамбеля тарапынан үш жыл мерзімге сайланатын 54 мүше елден тұрады. Кеңестегі экономикалық, мәдени, білім т. б. шешімдер мүше елдердің басым көпшілігі дауысымен қабылданады. Әр мемлекет кеңесте бір дауысқа ие.

20: Экономикалық және әлеуметтік кеңестің зал отырысы

21: Қамқорлық жөніндегі кеңес (ОПЕК) БҰҰ Жарғысының 77 бабында белгіленген территория тұрғындарының экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуына, білім беру саласында ілгерілеп, өзін-өзі басқарып, тәуелсіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына жәрдемдесуге көмек беретін кеңес. Бұдан БҰҰ шеңберінде экономика, гуманитарлық, әлеуметтік салалары бойынша мамандандырылған арнайы мекемелер де бар. Бұл мекемелер БҰҰ құрамында жұмыс істейтін әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар болып есептелінеді. 1994 жылы 1 қарашада өз жұмысын тоқтатты.

22: БҰҰ-ның Халықаралық Соты Біріккен Ұлттар Ұйымының басты сот органы; Гаагада орналасқан. Негізгі міндеті, халықаралық кұқық негізінде, мемлекеттерге байланысты халықаралық дау-жанжалдарды шешу болып табылады. Сот барлық тараптардың келісуімен жүргізіледі. Онын шешімдері тек дауға катысушылар үшін және тек сол іс бойынша ғана міндетті.

23: Халықаралық соттың үлкен зал отырысы

24: Хатшылық (Секретариат) Хатшылық - бұл әлемнің барлық БҰҰ кеңселерінде түрлі ресми жұмыстармен айналысатын халықаралық персонал. Хатшылық 44 мың адамнан тұрады. Негізгі кеңселері Нью-Йоркте, Женевада және Венада. Хатшылықты бас хатшы басқарады. «Бас Ассамблея» тарапынан бес жыл мерзімге тағайындалады. Бас хатшының негізгі міндеті БҰҰ шеңберінде ұйымдастырылған конференцияларға қатысып, жыл сайын БҰҰ-ның әр түрлі саладағы қызметі туралы Бас Ассамблеяда баяндама жасау болып табылады.

25: БҰҰ құрылғалы бері Бас хатшылар:

26: БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун

27: БҰҰ-ның Қосалқы Органдары

28: БҰҰ-ның Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында жұмыс істейтін халықаралық ұйым. Басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің өмір сүру жағдайын жақсарту. ЮНИСЕФ-ті атқарушы кеңес басқарады. БҰҰ-ның 36 мемлекет мүшелерінен тұрады. ЮНИСЕФ хатшылығын директор-атқарушы басқарады. Ол БҰҰ-ның Бас хатшысымен тағайындалады. Штаб-пәтері Нью-Йоркта орналасқан.

29: Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы (ПРООН) 1965 жылы құрылған, дамыту саласында мүше елдерге көмек көрсететін ұйым. Штаб-пәтері Нью-Йоркта орналасқан. Басты мақсаты – дамушы елдердің экономикалық және әлеуметтік дамуын жеделдету. Жоғарғы органы – Басқарушылар кеңесі. 3 жылға сайланатын 36 мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұрады. Басқарушылар кеңесінің ресми тілдері – ағылшын, испан, қытай, орыс және француз.

30: БҰҰ-ның сауда және даму конференциясы (ЮНКТАД) Штаб пәтері – Женевада. ЮНКТАД-тың басты мақсаты: Дамушы елдердің экономикалық тұрғыдан аяққа тұруына үлесін қосу үшін халықаралық сауданы дамыту; Дамыған және дамушы елдердің өзара үкіметаралық ынтымақтастығын нығайтуға жәрдемдесу; Мүше мемлекеттерде азаматтық қоғам мен демократиялық институттардың дамуына ықыласты рай туғызу; Үкімет пен жеке кәсіпкерлер арасында қомақты диалогты қамтамасыз ету.

32: Халықаралық сауда құқығы жөніндегі БҰҰ комиссиясы (ЮНСИТРАЛ) Халықаралық сауда құқығын унификациялау мақсатында 1966 жылы Бас Ассамблеяның XXI сессиясында қабылданды. Өз жұмысын 1968 жылы бастады. Бастапқыда 29 мемлекет мүшелерінен тұрды. Комиссия мүшелері 6 жылға сайланды. ЮНСИТРАЛ-дың шеңберінде маңызды халықаралық конвенциялар дайындалды. Мәселен, 1978жылғы БҰҰ-ның теңізбен жүк тасымалдау туралы Конвенциясы, 1980 жылғы БҰҰ-ның халықаралық сауда келісімі туралы Конвенциясы.

33: Халықаралық құқық комиссиясы (КМП) 34 халықаралық заңгерлерден тұратын орган. Комиссия мүшелері БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен 5 жылға сайланады. Халықаралық құқық комиссиясы 1947 жылдың 21 қарашасында құрылды. Комиссия мүшелерінің бірінші сайлауы 1948 жылы өтті. Халықаралық жария құқық пен халықаралық жеке құқық саласындағы сұрақтарды қарастырады. Комиссияның сессиясы Женевада өтеді, ал оның басшылығы Нью-Йоркта жұмыс істейді.

34: БҰҰ университеті (УООН) 1972 жылы Бас Ассамблеяның XXVII сессиясында қабылданды. Дүние жүзі бойынша, 17 ғылыми-зерттеу және оқу орталықтары, университеттің бағдарламалары бар. Университеттің басқарушы органы - 24 мүшеден тұратын Университет Кеңесі. Олар БҰҰ Бас Хатшысымен және ЮНЕСКО-ның Бас директорымен 6 жылға тағайындалады. Атқарушы органның функцияларын УООН Ректоры орындайды. Университеттің орналасқан жері – Токио.

35: Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.

36: БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен бірбір формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы – Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен бірбір формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы – Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды.

37: Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Қазақстанда келесі 15 ұйымы жұмыс істейді: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ), БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ), Әйелдер қоры (ЮНИФЕМ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО), Дүниежізілік Банк (ДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент (ҚАД).

38: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Л. П. Ануфриева, К. А. Бекяшев Международное Публичное Право. - М. , 2010. 5-е изд. Ерджанов Т. К. Международное Публичное Право. - Алматы, 2006. Арцибасов И. Н. , Егоров С. А. Вооруженный конфликт: право, политика, дипломатия. - М. , 1989. Тиунов О. И. Международное гуманиторное право. – М. , 1999. Бори Ф. Возникновение и развитие международного гуманитарного права. – М. , 1994.

Скачать презентацию


MirPpt.ru