Философия тарихындағы адам мәслесі презентация в формате PowerPoint - скачать бесплатно

Скачать презентацию на тему: "Философия тарихындағы адам мәслесі" с количеством слайдов в размере 13 страниц. У нас вы найдете презентацию на любую тему и для каждого класса школьной программы. Мы уверены, что наши слайды помогут найти вам свою аудиторию. Весь материал предоставлен бесплатно, в знак благодарности мы просим Вас поделиться ссылками в социальных сетях и по возможности добавьте наш сайт MirPpt.ru в закладки.

Нажмите для просмотра
Философия тарихындағы адам мәслесі

1: Философия тарихындағы адам мәслесі Тексрген:Әскен. Е Орындаған:Таджибаев. Ж

2: «Адам» деген ұғым – адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік. Адамың әлемде алатын орны ерекше. Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттар мен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен жасайды.

3: Адам мәселесі философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұған дәлел: философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой- толғауларынан туған.

4: Адамның туып өскен, тәрбиеленген қоғамы қандай болса, оның өзі де сондай болады. Дүниеде қанша адам болса, сонша мінез, сипат болады. Әр адам ең алдымен бүкіл адамзат қауымының мүшесі. Яғни онда шыққан нәсілінен, ұлтынан, табынан, жынысынан, туған жерінен тәуелсіз есті және тәрбиелі адамның барлығына ортақ адамзаттық қасиеттер болады. Оларға: қуану, қайығыру; балажандық, ананы сүю; махаббат; әділеттікті ұнату т. б. жатады.

5: Философия тарихында адам табиғатына көптеген пікірлер айтылады. Көне философтар адамды ғарыштың бір бейнесі ретінде «кіші ғарыш» бейнесінде қарастырады. Сократтан бастап адамды екі жаратылыстан: көне философтар дене және рухтан тұрады деп ойлайды.

6: Философия тарихында адамға берілген анықтамалар көп:

7: Басқаша айтқанда, адамды жан-жануарлардан әлдеқайда жоғары қоятын қасиеттері тек қоғам ішінде өмір сүруінің нәтижесі. Себебі қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіріп үлгермеген жас баланың тәуелсіз жеке өмір сүруге ешбір қабілеті болмайды. Осы жағынан қарасақ, ол жануарлардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі жай. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлық көмегінсіз ол адам болып өсіп, жетіле алмақ емес.

8: Жан-жануардан адамның ерекшелігі неде? 1. Еңбекке икемделген өзгеше денесі мен келбетi бар. 2. Санасы, ойлау мүмкіндігі бар. 3. Өзінің негізгі діні, сенімі бар. 4. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты қолдап, дамытады. 5. Өндірістің пайда болуына, өзгеруіне байланысты өзін-өзі қамтып, өзгере білуінде.

9: Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасаудың, керекті ойларын сөз арқылы бір- біріне жеткізуді үйренеді. Бара-бара адам еңбегі бүкіл материалдың және рухани мәдениет дүниесінің жасаушысы болып шықты.

10: Адам және адамзат тұлғасы қалыптасуындағы үлкен рөл тілге тиесiлi. Тiл арқасында адамның ойлауы дамиды. Тiл маңызы, ең алдымен, онсыз адамдардың еңбек әpeкeті практикалық тұрғыда мүмкін eмecтiгiмeн сипатталады. Өзара қатынас арқасында адамдар бiр — бiрiмен байланыс орнатты, өзара әрекеттiң әр түрлi мәселелерi бойынша келiстi, тәжiрибе бөлісті және т. б. Тiлдiң көмегімен бiр ұрпақ келесісіне ақпарат, білім, әдет — ғұрып және дәстүрлердi жеткiзiп отырды. Онсыз бiр қоғамда өмip cүpeтiн әр түрлi ұрпақтар арасындағы байланысты көзге елестету қиын.

11: Адамды анықтауда жеке адам, жеке даралық, жеке тұлға деген терминдар қолданылады. Жеке адам – адам тегінің жекелік өкілі, адамгершіліктің барлық психологиялық және әлеуметтік белгісі: ақыл, ерік, қажеттілік, қызығушылық нақты тасушысы. Жеке адам түсінігі мағыналық жағынан нақты адам ретінде қолданылады. Әрбір жеке адам балалық шақтан бастап адамзат баласымен қол жеткен ұрпақтар санасы кезінде адам баласы өз жаратылысын иеленеді.

12: Жаңа дәуірде «адам ақылды» тұжырымдамасымен бірге басқа «адам әрекетшіл» концепциясы жетістіктерге жетті. Онда адамның басты ерекшелігі әрекет етуге қабілеттілігін іске асыруы екені көтеріліп, әрбір жеке адамның әрекеті оның қимылынан тұратыны бекітілді.

13: Назарларыңызға рахмет!

Скачать презентацию


MirPpt.ru