ҚР Азаматтық құқығының негіздері презентация в формате PowerPoint - скачать бесплатно

Скачать презентацию на тему: "ҚР Азаматтық құқығының негіздері" с количеством слайдов в размере 8 страниц. У нас вы найдете презентацию на любую тему и для каждого класса школьной программы. Мы уверены, что наши слайды помогут найти вам свою аудиторию. Весь материал предоставлен бесплатно, в знак благодарности мы просим Вас поделиться ссылками в социальных сетях и по возможности добавьте наш сайт MirPpt.ru в закладки.

Нажмите для просмотра
ҚР Азаматтық құқығының негіздері

1: Қр Азаматтық құқығының негіздері

2: Жоспар: Азаматтық кодекс Азаматтық құқық Азаматтық құқықтың қағидалары Азаматтық құқықтың жүйесі Азаматтық құқықтың қайнар көздері

3: Азаматтық кодекс Жүйеленген бірегей заң шығарушылық акт. Азаматтар мен заңды тұлғалардың қатысуымен пайда болатын мүліктік қарым-қатынастарды және осыған байланысты мүліктік емес жеке қарым-қатынастарды реттейді. Егер заң баптарында арнайы көзделмесе, бір тараптың екіншісіне әкімшілік. жолмен бағынуына негізделген мүліктік қарым-қатынастарға, әсіресе, салық жөніндегі және т. б. бюджеттік қарым-қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды. Ел экономикасының нарықтық қарым-қатынастарға көшуіне байланысты ҚР Азаматтық Кодексінің жалпы бөлігі қабылданды (1994 жылы 27 желтоқсанда). Ол 2 бөлімнен: 1) жалпы ережелерден; 2) ерекше бөлімнен тұрады.

4: Азаматтық құқық Азаматтық құқық — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияғатеңестірілген Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т. б. ) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру.

5: Азаматтық құқықтың қағидалары Тараптардың теңдігі; Шарт еркіндігі және таңдау құқығы; Еркіндік; Тәуелсіздік; Меншікке қолсұқпаушылық; Біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы; Азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы; Бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

6: Азаматтық құқықтың жүйесі Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар —айырбас, жалға алу, сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлық құқық және өсиетнама.

7: АҚ қайнар көздері Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т. б. жағдайлар нақты баяндалған. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.

8: Пайдаланған әдебиеттер: Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А. Ибраева, Б. Қуандыков, Ш. Маликова, С. Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 Биекенов К. , Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007

Скачать презентацию


MirPpt.ru