Социопсихолингвистика және оның зерттеу нысаны презентация в формате PowerPoint - скачать бесплатно

Скачать презентацию на тему: "Социопсихолингвистика және оның зерттеу нысаны" с количеством слайдов в размере 28 страниц. У нас вы найдете презентацию на любую тему и для каждого класса школьной программы. Мы уверены, что наши слайды помогут найти вам свою аудиторию. Весь материал предоставлен бесплатно, в знак благодарности мы просим Вас поделиться ссылками в социальных сетях и по возможности добавьте наш сайт MirPpt.ru в закладки.

Содержание [Показать]

Нажмите для просмотра
Социопсихолингвистика және оның зерттеу нысаны

1: Социопсихолингвистика және оның зерттеу нысаны Орындаған: Жадыра АСАНОВА Әйгерім КАРБОЗОВА Тексерген: Хафиза ОРДАБЕКОВА

3: Қазіргі әлеуметтік тіл білімі аясына тілдің тарихы мен диалектологиясына қатысты қарапайым аспектілерден бастап, сөз этнографиясы, әлеуметтік диалектология, қостілділік және көп тілділік, мемлекеттік бұқаралық коммуникациядағы, адамзат қарым-қатынасындағы ортақ тілді тілді таңдау саясаты сияқты көптеген мәселелер енді. Әлеуметтік тіл білімінде бірқатар салаларын даралау бағыттары байқалып келеді.

4: Мәселен, әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің тілдегі көріністерін зерттейтін әлеуметтік лингвистика мен тілдің қоғамдық үдерістерге әсерін зерттейтін лингвосоциология, этнос тіліндегі ұлттық, халықтық, тайпалық ерекшеліктерін зерттейтін этнолингвистика, лингвомәдениетану және социопсихолингвистика бөлек қарастырыла бастады

6: Тіл білімі мен әлеуметтану - әлеуметтік лингвистика, тіл білімі мен психология - психолингвистика, сонымен қатар нейролингвистика, паралингвистика, лингвосемиотика, герменевтика, когнитивті лингвистика және т. б. интеграциялық және дифференциялдық процестердің нәтижесінде пайда болған тіл білімінің жаңа салалары

8: Қостілділік (билингвизм)

11: Қостілділік – адамзат қоғамына тән, жалпыға ортақ әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс. Оның пайда болуы мен қалыптасу жолдарын сипаттап, болашағын бағдарлау үшін тіл мен қоғамның өзара байланысу заңдылықтарын жақсы түсіну шарт.

12: Адам – әлеуметтік тұлға. Адамдар арасындағы әлеуметтік байланыс тіл арқылы жүзеге асады.

14: Қостілділік – белгілі бір территория көлемінде ұлтаралық этносаралық қарым-қатынаста бір этникалық қауымдастық өкілдерінің, бүкіл қоғамның социумның әр түрлі жағдайда екі тілді (ана тіл мен екінші бір тілді) алма кезек немесе қатар қолдану.

15: Адам келесі бір тілді екі түрлі жолмен үйренеді, бірі тілдік орта арқылы, екіншісі мақсатты түрде үйрену арқылы. Жалпы адам баласында тумысынан тілді үйрену қабілеті болады. Алайда бұл тілдік қабілет әр адамда әр түрлі, түрлі жағдайлардың әсерінен тума қабілетті қолданбауы да мүмкін.

16: Қазіргі мемлекеттердегі көптілділік әртүрлі қалыптасып отыр. Бельгияда (10 млн. халық) – нидерланд және француз тілі. Швейцарияда (6 млн. ) неміс, француз, итальян, ретророман – ресми тілдер болып табылады. Испанияда (37 млн. ) мемлекеттік тіл – испан тілі, сонымен қатар баск, каталон, галий, астурия тілдері қызмет етеді.

18: Билингвизм адамның түрлі жағдайға байланысты екі тілді қолдануы. Мәселен, жұмыста ресми жағдайда бір тілді, ал үйде, тұрмыста келесі бір тілде сөйлеуі мүмкін. Мұндайды көбінесе жекелік (индивидуалды) қостілділік деп атайды. Оның өзін де координативті – адамның екі тілді тең дәрежеде біліп, қолдануы және субординативті – тілдің біреу басыңқы, екіншісі бағыныңқы деп қарастырады.

19: Билингвизм аралас отбасында туған бала тумысынан қос тілді меңгеріп өседі. Кеңінен таралған жағдаят территориялық қостілділік, яғни көршілес отырған халықтардың араласуы нәтижесінде орын алады.

20: Шартты түрдегі қостілділік, яғни басқа елге қоныс аударған эмигранттарда болатын жағдай. Өйткені сол елдегі ресми тілді игермей жұмысқа, әсіресе престижді болып табылатын жұмысқа орналасу қиын, не мүмкін емес. Осы жағдаятқа бұрынғы КСРО кезіндегі республикалардағы жағдаятты келтіруге болады.

21: Сонымен қатар ғылыми, көркем әдебиеттегі қостілділік болады екен. Мәселен, өз тілін біле тұрып, басқа тіле шығарма жазу. О. Сүлейменов – орыс және қазақ тілдерінде, М. Ибрагимбеков – авар және орыс, Р. Кутуй татар және орыс.

22: Негізінен екі тілде еркін сөйлеп, түсінісе алатын адамдарды билингв атайды. Ал егер бір мектепте келесі тіл нашар оқытылып, адам сол тілде сөйлемейтін болса, мәтінді тек сөздік арқылы оқып, түсінетін болса, ондайды билингв деп атауға негіз жоқ.

23: Қостілділікті кейбіреулер – «екі тіл білу» деп түсіндіреді, бұл нақты емес, қостілділік – процесс, білген тілді қолдану, кәдеге жарату негізінде жүретін процесс әрі сол үздіксіз жүрген процестің тарихи нәтижесі.

24: Жеке адамға тән немесе ұлттық қостілділік мәселесін екі бағытта зерттеуге болады: 1) лингвистикалық; 2) әлеуметтік

25: 1989 ж ортасында қалыптасқан тілдік жағдаят тілдік саясат ұғымымен байланысты болды. Тілдердің тепе-теңдігін сақтап келді, бірақ басымдықты бір тілде ғана болды. Тілдің негізі бір функциясын, яғни, саяси интеграцияны қабылдап, ұлттық бірлікті көздейтін тілдің қызметін мойындамады. Мемлекеттік тіл орыс тілі болды.

26: Мысалы, ғылыми еңбектердің 90 орыс тілінде, 10 қазақ тілінде жазылды. Қазақтардың 40 ғана ана тілін меңгерген.

27: Қостілді қазақтарды қазақ және орыс тілін қалай меңгеруіне қарай 4 топқа бөлуге болады: 1. Орыс тілімен салыстырғанда ана тілін өте жақсы меңгергендер. Бұл – көпшілік қостілді қазақтарға тән; 2. Қазақ тіліне қарағанда орыс тілін өте жақсы меңгергендер. Бұл құбылыс қала жастарының арасында кездеседі; 3. Екі тілде интерференттік дәрежеде сөйлеп, жазатындар, яғни екі тілдің элементтерін араластырып сөйлеу; 4. Екі тілде өте жоғары, интерферентсіз дәрежеде сөйлейтіндер (мұғалімдер, жоғары оқу орны оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, қостілді жазушылар т. б. )

28: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. А. Үдербаев. Әлеуметтік тіл білімі. Қайнар Университеті. Алматы. 2014. 2. Б. Хасанов. Қазақстандағы қостілділік. Алматы. 1989 3. Б. Хасанов. Казахско-русское двуязычие. Алматы. 1987 4. З. Ахметжанова. Язык в социальном, культурном и коммуникативном контексте. Алматы. 2012

Скачать презентацию


MirPpt.ru